«TANSAR CAPITAL» АҚ қаржылық кеңес беру, стратегиялық кеңес беру, біріктіру және қосып алу мәмілелерін ұйымдастыру және сүйемелдеу арқылы корпоративтік клиенттерге кешенді қызмет көрсетеді.
«TANSAR CAPITAL» АҚ қаржылық кеңес беру, стратегиялық кеңес беру, біріктіру және қосып алу мәмілелерін ұйымдастыру және сүйемелдеу арқылы корпоративтік клиенттерге кешенді қызмет көрсетеді.
Біз клиенттерімізге қарыздық қаржыландыруды шығаруға, орналастыруға және тартуға көмектесеміз. Біз «Цеснабанк» АҚ, «ACIG» АҚ, «Разрез Приозерный» ҚРК, RBR «Estate», «Тема и Ко» ЖШС және басқа компанияларымен ірі табысты жобаларды жүзеге асырдық.
TANSAR CAPITAL-дың біріктіру және қосып алу мәмілелерін ұйымдастыру бойынша бірқатар табысты жобалары бар. Біз екі тарап - сатушылар мен сатып алушылар үшін де эксклюзивті қаржылық кеңесші бола аламыз, осылайша серіктестеріміздің бизнесінің одан әрі өсуіне ықпал ете аламыз.
Компаниялар үшін қамтамасыз етілген облигацияларды шығару және орналастыру кезінде біз басқа тараптың - облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіреміз және қорғаймыз. TANSAR CAPITAL эмитент компанияның міндеттемелерінің орындалуын, кепілдік қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жай-күйін қадағалайды, облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.
TANSAR CAPITAL командасы корпоративтік клиенттер үшін қаржылық жоспарлау мен талдау жүргізеді, қаржылық және инвестициялық стратегияны, бизнес стратегиясын әзірлейді, компаниялар балансын қайта құрылымдайды. Біздің клиенттеріміз «Цеснабанк» АҚ, «Kazburgaz» АҚ, «ACIG» АҚ, «Трибо» ЖШС, «КСМК -2» ЖШС, «Разрез Приозерный» ҚРК және басқалар болды.
Сұрақтар мен жауаптар – біздің қызметтеріміз туралы көбірек біліңіз, біз Сіз үшін жұмыс істейміз.
Біздің мамандардан тегін кеңес алыңыз
Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 19, "Нұрлы Тау" БО , 3Б блок. 7 қабат., пошта индексі 050059
Тәуекелдер туралы ескерту
Компания бағалы қағаздармен сауда жасау кезінде пайда алуға немесе залалдардың болмауына кепілдік бермейді. Клиент бағалы қағаздар саудасына тән тәуекелдер туралы хабардар және осындай тәуекелдерге баруға және осыған байланысты кез келген залалдарды өзіне қабылдауға қаржылық мүмкіндігі бар.
Компания кез келген ұсынымдар, болжамдар, шолулар және өзге де ақпараттар негізінде жасалған инвестициялар нәтижесінде туындаған қандай да бір залалдар үшін жауапты болмайды.