!

Басты бет > Қызметтер > Интернет-трейдинг

Интернет-трейдинг

Интернет-трейдинг қызметінің келісімшарты

     Интернет-трейдинг жүйесі Сіздерге жеке тұлға ретінде де, немесе заңды тұлға ретінде де «Қазақстандық қор нарығында» АҚ (KASE) рұқсат берілген бағалы қағаздарды немесе өзге қаржы құралдарын интернет арқылы сату және сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол KASE-ке нақ уақыт режимінде сіздің компьютеріңіз арқылы үйіңізден немесе офисіңізден тікелей қатынауды қамтамасыз етеді.

     Нақ уақыт режимі деген биржа нарығының кәсіби қатысушылары ақпарат алатын жылдамдығымен тең екенін білдіреді. Интернет желісін пайдаланып дәл солардай Сіз де сауда барысын бақылап, сізге қажет бағалы қағаздармен операциялар жасай аласыз.
 

     Операциялар KASE сауда жүйесі арқылы нарықтың кәсіби қатысушысы – брокерлік ұйымға (Брокер) «eTrade.kz» ЖШС жасаған арнайы транзиттік бұйрықтар жіберетін механизм көмегімен белгілі бір қаржылық құралды сату немесе сатып алуға бұйрықтар беруі жүзеге асады.
 

     Брокер алған бұйрығы негізінде Биржа Сауда жүйесіне Сіздің атыңыздан Биржада мәміле жасау мақсатымен өтінім береді. Мұнда клиенттік тапсырыс негізіндегі өтінімді Брокер автоматты түрде немесе қолмен құрады.
 

Бұл қызмет Сізге келесідей мүмкіндіктер береді:

  • Нақ уақыт режимінде өз бетіңізбен бағалы қағаздардың ағымдық бағаламаларын қадағалай аласыз;
  • Бағалы қағаздарды сату мен сатып алу өтінімдерін бағаламалар «стаканынан» көре аласыз;
  • Нарықтың түрлі райын ескере отырып мәміле жасау өтінімдерін беру;
  • Нақ уақыт режимінде әр мәміле бойынша толық ақпарат алу;
  • Сіздің өтініміңіздің ұсыну, өзгерту және орындалуларын бақылай аласыз.
© CAIFC, 2009 Сайтты жасаған — 4Design